Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo2.png?_=1770715399

8(7152) 50-07-15

📌 «Үздік арнайы білім беру ұйымы» байқауы


📌 «Үздік арнайы білім беру ұйымы» байқауы
Солтүстік Қазақстан облысында 27 ақпанда тиімді педагогикалық және басқарушылық тәжірибені анықтауға, қорытуға және таратуға, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдары басшылары мен педагогтерінің кәсіби және жеке өсуін ынталандыруға бағытталған «Үздік арнайы білім беру ұйымы» облыстық байқауы өтті.
Конкурс шеңберінде қатысушылар ұйымдар қызметінің нәтижелерін, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің заманауи тәсілдерін, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің тиімділігін және инновациялық тәжірибелерді енгізуді көрсететін материалдарды ұсынды.
Конкурстық комиссия ұсынылған құжаттарды жан-жақты зерделеп, конкурсты қорытындылады.
Бағалау нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталды:
Байқаудың бас жүлдесі «№ 2 арнайы мектеп-интернат» КММ;
І орын – «Жамбыл ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ;
II орын – «Петропавл қаласының № 2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ;
ІІІ орын – «Ломонов арнайы мектеп – интернаты» КММ.
Мұндай конкурстарды өткізу арнайы және инклюзивті білім беру жүйесін дамытуға, табысты тәжірибелерді таратуға және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға білім беру қызметтерін көрсету сапасын арттыруға ықпал етеді.
 


Пікір жоқ
36 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 02.03.2026 в 09:00

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер