Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo2.png?_=1770715399

8(7152) 50-07-15

2026 жылғы 24 сәуірде Петропавл қаласындағы «№5 орта мектеп» КММ-нің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Калеганова Лариса Евгеньевна жоғары кәсіби марапат — «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.

Лариса Евгеньевна — 36 жылдық еңбек өтілі бар, қызметі тұрақты жоғары нәтижелерімен және терең кәсібилігімен ерекшеленетін ұстаз. Ол түрлі олимпиадалар мен байқаулардың белсенді қатысушысы әрі жүлдегері ғана емес, сонымен қатар жоғары жетістіктерге қол жеткізген шәкірттерді тәрбиелеген тәлімгер.
Педагог өз жұмысында зерттеушілік бағытқа ерекше мән беріп, өзінің озық тәжірибесін жинақтап, әріптестерімен тиімді әдіс-тәсілдермен бөлісіп келеді.
Бұл жоғары марапат — оның көпжылдық еңбегінің, мамандығына деген адалдығының және білім беру жүйесінің дамуына қосқан зор үлесінің лайықты бағасы.
Лариса Евгеньевнаны осы лайықты марапатымен құттықтай отырып, алдағы уақытта да шығармашылық табыс, шабыт пен жаңа жетістіктер тілейміз!
 
Пікір жоқ
34 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 24.04.2026 в 20:33

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер