Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo2.png?_=1770715399

8(7152) 50-07-15

⚜️ Мектепке дейінгі білім беру – баланың өмір жолының бастауы және еліміздің болашақ адами капиталының берік іргетасы. Сондықтан бүгінгі таңда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын арттыруға бағытталған заманауи шешімдерді іздестіруде күш-жігерді біріктіру ерекше маңызды.


⚜️ Мектепке дейінгі білім беру – баланың өмір жолының бастауы және еліміздің болашақ адами капиталының берік іргетасы. Сондықтан бүгінгі таңда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын арттыруға бағытталған заманауи шешімдерді іздестіруде күш-жігерді біріктіру ерекше маңызды.
Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтерін біріктірген «Қазіргі заманғы сын-қатерлер жағдайындағы мектепке дейінгі білім беру» атты тақырыптық алаңының жұмысы өтті.
Кездесу барысында қатысушылар мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыруға бағытталған заманауи педагогикалық тәжірибелерін ұсынды:
🔹 3 жастан асқан балаларға арналған LAB-кеңістіктер арқылы дамытушы білім беру ортасын құру;
🔹 тәрбиешінің жұмысында цифрлық құралдарды пайдалану;
🔹 логикалық-математикалық ойындар арқылы ұлттық құндылықтарды қалыптастыру;
🔹 «Адал азамат» және «Тілге бойлау» бағдарламалары арқылы өскелең ұрпақты тәрбиелеу;
🔹 мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін дамытуға арналған ойын технологиялары;
🔹 «Жасыл балабақша» жобасы аясында экологиялық тәрбие беру және сауат ашу негіздеріне оқыту.
Әрбір баяндама шығармашылық көзқарастың, кәсіби шеберліктің және педагогтердің заманауи білім беру талаптарына сай жұмыс істеуге деген ұмтылысының жарқын көрінісі болды. Әсіресе, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамытудың жаңа тұжырымдамасының басымдықтарына сәйкес инновациялық әдістемелерді енгізуге, ұлттық құндылықтарды сақтауға, балалардың зерттеушілік, танымдық және коммуникативтік дағдыларын дамытуға ерекше назар аударылды.
Іс-шара соңында қатысушылар қорытынды жасап, пікір алмасты және тәжірибелік ұсыныстарымен бөлісті. Бұл қазіргі заманғы балабақшаның әрбір бала үшін даму, ынтымақтастық және жаңа мүмкіндіктер кеңістігі екенін тағы бір мәрте айқындады.
Барлық спикерлерге мазмұнды баяндамалары, кәсіби тәжірибелері және мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлестері үшін алғысымызды білдіреміз!


Пікір жоқ
24 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 06.08.2026 в 15:37

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер