«Үздік жылыжай» — білім, тәжірибе және жаңа мүмкіндіктер алаңы!
2026 жылғы 31 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында облыстық «Үздік жылыжай» байқауы аясында байқау комиссиясы мүшелерінің Солтүстік Қазақстан облысының білім беру ұйымдарына жұмыс сапары өтті.
Қазылар алқасының 7 мүшесі, қазылар алқасының төрайымы Фомич Л.А. бастаған комиссия құрамында келесі мектептердің жылыжайларына барды:
🌿 Жамбыл ауданының Буденное жалпы білім беретін мектебі;
🌿 Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның Раисов және Рузаев орта мектептері;
🌿 Шал ақын ауданының Новопокров орта мектебі;
🌿 Аққайың ауданының Түмен негізгі мектебі.
Сапар барысында қазылар алқасының мүшелері байқауға қатысушылардың жұмыстарын байқау туралы ережеде белгіленген критерийлерге сәйкес бағалауда. Педагогтер мен білім алушылардың эксперименттік жұмыстарының сандық және сапалық нәтижелеріне: жүзеге асырылған жобаларға, әдістемелік ұсынымдарға, жинақтарға, каталогтарға және басқа да материалдарға ерекше назар аударылуда.
Сонымен қатар зерттеліп отырған мәселелердің өзектілігі мен жаңашылдығы, жүргізілген зерттеулердің деңгейі мен көлемі, ұсынылған нәтижелердің практикалық маңыздылығы бағаланады.
🌱 Жұмыс сапарының маңызды бөлігі — мектеп жылыжайларының жұмысын ұйымдастыру және дамыту бойынша консультациялар өткізу, сондай-ақ жүзеге асырылып жатқан жобалардың тікелей қатысушылары — педагогтер мен оқушылармен еркін пікір алмасу болды.
Әрбір жылыжай — өсімдік өсіретін орын ғана емес. Бұл — оқушылардың зерттеу жүргізуді, тәжірибе жасауды, топпен жұмыс істеуді және өз еңбегінің нақты нәтижесін көруді үйренетін нағыз білім беру зертханасы.
📌 Байқау комиссиясының жұмысы жалғасуда!
2026 жылғы 8–10 қыркүйек аралығында келіп түскен өтінімдерге сәйкес Ақжар ауданы мен Петропавл қаласы мектептерінің жылыжайларына бару жоспарлануда.
Барлық байқауға қатысушыларға сәттілік, шығармашылық шабыт және лайықты жеңіс тілейміз!
Жылыжайларыңыз жайқалып өсіп, дами берсін, білімнің мол жемісін берсін! 🌿✨


