Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo2.png?_=1770715399

8(7152) 50-07-15

12 кітап - ойлануға 12 себеп, саналы оқуға бастайтын 12 қадам және жаңалықтарға толы тұтас бір жыл!


12 кітап - ойлануға 12 себеп, саналы оқуға бастайтын 12 қадам және жаңалықтарға толы тұтас бір жыл!
2026 жылғы 30 қазанда бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «12 ай -12 кітап» жобасы арқылы кіші мектеп жасындағы оқушылардың оқырмандық сауаттылығын қалыптастыру: әдістеме, мағыналық бағдарлар және практикалық құралдар» тақырыбында облыстық онлайн-семинар өтті.
Семинар барысында спикерлер тиімді әдістемелік тәсілдерді, мағыналық оқу дағдыларын дамытуға арналған практикалық құралдарды, сондай-ақ ақпаратты талдауға, түсіндіруге, пайымдауға және өз пікірін білдіруге үйрететін мәтінмен жұмыс істеу әдістерін ұсынды.
Семинар педагогикалық тәжірибе алмасуға, кіші мектеп жасындағы оқушылардың оқырмандық сауаттылығын арттырудың жаңа мүмкіндіктерін іздестіруге және тиімді әдістемелік шешімдерді талқылауға арналған кәсіби алаңға айналды.


Пікір жоқ
49 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 30.10.2026 в 14:13

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер