31 наурыз күні «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде «ЗАҢ. ЖАУАПКЕРШІЛІК. ТӘРТІП» атты студенттік форум өтті.
Форум барысында қатысушылар құқық саласындағы өзекті мәселелерді, жеке қауіпсіздікті, сондай-ақ білім алушылардың құқықтары мен міндеттерін талқылады. Шақырылған спикерлер студенттердің құқықтық жүйемен өзара әрекеттесуінің түрлі қырларын ашып көрсетті.
Студенттермен жауапкершілік пен құқықтық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған «Заң. Жауапкершілік. Тәртіп: «Менің таңдауым – менің жетістігім» атты тренинг өткізілді.
Форумға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 70-ке жуық студенті, оның ішінде студенттік парламент президенттері мен «Саналы ұрпақ» клубтарының мүшелері қатысты.
Комментариев нет
41 просмотров
Автор: saparov.muhanbetali
Добавлено: 31.03.2026 в 18:30


