⚜️ Ағымдағы жылдың 8 сәуірінде Солтүстік Қазақстан облысының мектептерінде «Білім – мемлекеттік саясаттың басым бағыты: жаңа Конституциядағы өзгерістер» тақырыбында бірыңғай республикалық сынып сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар Конституцияда білім беру саласына қатысты енгізілген маңызды өзгерістермен танысып, өз ой-пікірлерін білдірді. Сонымен қатар, білімнің қоғамдағы рөлі мен оның болашақтағы маңызы кеңінен талқыланды.
Аталған сынып сағаты оқушылардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, ел болашағына деген жауапкершілігін арттыруға бағытталды.
Комментариев нет
34 просмотров
Автор: saparov.muhanbetali
Добавлено: 08.04.2026 в 18:55


