Меню KDT

logo.png?_=1663092399

logo2.png?_=1770715399

8 (7152) 50-07-15

ЖАС МАМАНДАРҒА ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОЛДАУ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ!


ЖАС МАМАНДАРҒА ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОЛДАУ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ!
 
2026 жылғы 17 қараша күні «Дарын» мектеп-лицейі» КММ базасында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған облыстық практикалық семинар ұйымдастырылды.
Семинар «Тіл-таным» зертханасының жұмыс жоспарына сәйкес «Қысқа мерзімді сабақ жоспарын құру» тақырыбында өтті.
Семинардың негізгі мақсаты – жас мамандарға әдістемелік қолдау көрсету, қысқа мерзімді сабақ жоспарын тиімді құрастыру жолдарын меңгерту және тәжірибелі ұстаздардың кәсіби тәжірибесімен бөлісу.
Семинар барысында 40-қа жуық жас мұғалім қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрудың тиімді тәсілдерімен танысып, практикалық тапсырмаларды саралау жолдарын меңгерді. Сонымен қатар сабақ кезеңдерін жүйелі құрастыруды, тапсырмаларды орындаудың тиімді әдіс-тәсілдерін тәжірибе жүзінде қолдануды үйреніп, өзара тәжірибе алмасты және кәсіби білімдерін жетілдірді.
Жас мамандардың кәсіби қалыптасуына бағытталған мұндай кездесулер – педагогикалық шеберлікті шыңдауға, оқыту сапасын арттыруға және нәтижелі білім беруге бастар маңызды қадам!
Бірге үйренеміз, тәжірибе алмасамыз, кәсіби тұрғыда дамимыз!


Комментариев нет
15 просмотров
Автор: saparov.muhanbetali
Добавлено: 17.11.2026 в 15:52

SABAQ

Блог руководителя

Полезные ссылки


<