Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo2.png?_=1770715399

8(7152) 50-07-15

⚜️ Шағын жинақты мектептерге жаңа серпін


⚜️ Шағын жинақты мектептерге жаңа серпін
Бүгін «1000 Алматыкітап MobiBox» атты облыстық Digital-форум ғана емес, өңірдің білім беру жүйесі үшін идеялар, технологиялар және жаңа мүмкіндіктер алаңына айналған ауқымды іс-шара өтті.
Қазақстан Республикасы Президентінің цифрландыру бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан MobiBox мобильді станциялары жобасы Солтүстік Қазақстан облысының мектептері мен кітапханалары үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Жобаны енгізу білім беру ресурстарының қолжетімділігін арттыруға, оқушылар мен педагогтер үшін заманауи әрі икемді білім беру ортасын қалыптастыру бағытталған.
«Алматыкітап баспасы» баспасының вице-президенті Құдайберген Гүлнұр Серікқызы және білім басқармасының басшысы Айнагүл Ағыбайқызы Сураганова, өңірдің 41 шағын жинақты мектебі, сондай-ақ Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасы мобильді станцияларды салтанатты түрде табыстады. Бұл қадам білім беру инфрақұрылымын дамытуға және ауыл мектептерін қолдауға маңызды үлес болды.
Осы маңызды іс-шараға атсалысқан барша азаматтарға алғысымызды білдіреміз. Бірге білімге қолжетімді орта қалыптастырып келеміз.


Пікір жоқ
26 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 05.03.2026 в 11:03

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер