Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo2.png?_=1770715399

8(7152) 50-07-15

11-13 наурыз аралығында Солтүстік Қазақстан облысының педагогтарымен және білім беру ұйымдарының басшыларымен республикалық оқу-әдістемелік кеңестің (РОӘК) авторлық материалдарын әзірлеу, сараптау және сүйемелдеу тәртібі мен Сараптамалық кеңес туралы Ережедегі өзгерістерді түсіндіруге арналған онлайн-кездесулер өтті.

Кездесулер барысында негізгі жаңашылдықтар жан-жақты қарастырылды:

— Авторлық бағдарламалардың форматы кеңейтілді;

— Оқу жүктемесімен авторлық бағдарламаны әзірлеу мүмкіндігі сақталды;

— Оқу жүктемесінсіз авторлық бағдарламаны ұсыну мүмкіндігі енгізілді;

— Авторлық материалдардың түрлері бойынша нақты қосымшалар әзірленді;

— Рәсімдеуге қойылатын бірыңғай техникалық талаптар белгіленді;

— авторлардың рұқсат етілген саны анықталды;

— материалдарды жариялауға қойылатын талаптар нақтыланды;

— басқа өңірде апробация жүргізу міндеттілігі алынып тасталды;

— ілеспе құжаттардың тізбесі оңтайландырылды.

Іс-шараларды барлығы 3000-нан астам тыңдаушы пайдаланды.

Жүргізілген жұмыс авторлық материалдарды әзірлеу сапасын арттыруға және оларды сараптау мен сүйемелдеу рәсімдерін ретке келтіруге бағытталған.

Пікір жоқ
14 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 17.03.2026 в 16:22

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер