Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo2.png?_=1770715399

8(7152) 50-07-15

⚜️ Мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамыту аясында «Қарым-қатынас мәдениетін, өзара түсіністікті, өзара сыйластықты дамыту үшін мектепке дейінгі ұйымдарда шағын қоғамдастықтарды ұйымдастыру («Әжелер мектебі», «Аналар мектебі», «Әкелер мектебі») тақырыбында мектепке дейінгі тәрбиешілерге арналған аймақтық семинар өтті.

Семинар барысында қатысушылар отбасы мен мектепке дейінгі мекемелер арасындағы тиімді ынтымақтастықты құрудың қазіргі тәсілдерін талқылады. Тәжірибе алмасуға, отбасылық құндылықтарды нығайтуға және біртұтас білім беру ортасын қалыптастыруға мүмкіндік беретін шағын қауымдастықтарды құруға ерекше назар аударылды.
«Аналар мектебі», «Әкелер мектебі», «Әжелер мектебінің» практикалық тәжірибесі тәрбие-оқыту үрдісіне әртүрлі ұрпақ өкілдерін тарту сенімді қарым-қатынасты дамытуға, ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыруға, оқу-тәрбие процесінің барлық қатысушылары арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға ықпал ететінін көрсетті.
Мұндай семинарларды өткізу мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасылар арасындағы серіктестікке ықпал етеді, сыйластық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырады, балалардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасайды.
 
Пікір жоқ
14 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 31.03.2026 в 18:11

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер