Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo2.png?_=1770715399

8(7152) 50-07-15

📌 Аутизм мәселесі бойынша ақпараттандыру айлығы аясында 2026 жылғы 8 сәуірде «Психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК базасында «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланы сүйемелдеу: ведомствоаралық өзара іс-қимыл және отбасыны қолдау» тақырыбында ведомствоаралық кеңес өтті.


📌 Аутизм мәселесі бойынша ақпараттандыру айлығы аясында 2026 жылғы 8 сәуірде «Психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК базасында «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланы сүйемелдеу: ведомствоаралық өзара іс-қимыл және отбасыны қолдау» тақырыбында ведомствоаралық кеңес өтті.
🎯 Іс-шараның мақсаты — денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау ұйымдары арасында ақпарат алмасу алгоритмдерін пысықтау және іс-әрекеттерді үйлестіру арқылы ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланы үздіксіз әрі уақтылы сүйемелдеуді қамтамасыз ету болды. Кеңес жұмысына Әдістемелік орталықтың әдіскерлері Балтина Е.В. және Ебишева Г.Т. қатысты.
Кездесу барысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға, оның ішінде қарым-қатынас және әлеуметтік өзара әрекеттесу бұзылыстары (АСБ) бар балаларға көрсетілетін көмектің негізгі бағыттары мен көлемін ашып көрсететін мамандардың баяндамалары ұсынылды. Дамудағы ерекшеліктерді ерте анықтауға және ерекше білім беру қажеттіліктері бар (ЕБҚБ) балаларға жүйелі ерте қолдау көрсетуді ұйымдастырудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Кеңеске балаларды дамыту кабинеттерінің медицина қызметкерлері, алғашқы медициналық-әлеуметтік көмек (АМӘК) мамандары, ПМПК педагогтері, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің (ППТК) қызметкерлері, Аутизм орталығының өкілдері, сондай-ақ әлеуметтік қорғау органдарының мамандары қатысты. Қамтылғандар саны – 46 адам.
📎 Кездесу қорытындысы бойынша кеңеске қатысушыларда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға, оның ішінде АСБ бар балаларға көмек көрсету жүйесі туралы әртүрлі кезеңдер мен деңгейлерде тұтас түсінік қалыптасты. Сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимыл нығайтылып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар бала мен оның отбасы уақтылы, жүйелі және кешенді қолдау алатын жағдайлар жасауға негіз қаланды.


Пікір жоқ
12 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 08.04.2026 в 18:51

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер