«Мектепке дейінгі педагогтардың цифрлық құзыреттілігі: Болашаққа бастар жол» деп аталатын мектепке дейінгі ұйымдарға арналған облыстық семинар кәсіби диалогтың, тәжірибе алмасудың, білім берудегі заманауи шешімдерді іздеудің маңызды алаңына айналды.
Іс-шара барысында қатысушылар цифрлық құзыреттілігін дамытудың негізгі аспектілерін талқылады, мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істеуде қолданылатын қазіргі құралдар мен технологияларды зерттеді және цифрлық ресурстарды білім беру үдерісіне біріктірудің сәтті тәжірибесімен бөлісті.
Цифрлық ортаны қауіпсіз және тиімді пайдалану, медиа-сауаттылықты дамыту, педагогтардың жылдам өзгеретін әлемде жұмыс істеуіне қажетті дағдыларды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Семинар бүгінгі таңда цифрлық құзыреттілік тек қосымша дағды емес, заманауи пеагогтардың кәсіби шеберлігінің маңызды құрамдас бөлігі екенін растады. Үнемі дамып, жаңа технологияларды меңгеру арқылы ғана біз жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз етіп, балаларды цифрлық қоғамдағы өмірге дайындай аламыз.
Пікір жоқ
8 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 17.04.2026 в 14:09


