Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo2.png?_=1770715399

8(7152) 50-07-15

Ағымдағы жылдың 27 сәуірінде білім басқармасының аппараттық кеңесінде әдістемелік орталықтың директоры Р.С. Сәркен білім беру сапасын арттыруға бағытталған бірқатар өзекті мәселелермен сөз сөйледі.


Ағымдағы жылдың 27 сәуірінде білім басқармасының аппараттық кеңесінде әдістемелік орталықтың директоры Р.С. Сәркен білім беру сапасын арттыруға бағытталған бірқатар өзекті мәселелермен сөз сөйледі.
Кеңес аясында келесі мәселелер талқыланды:
🔹 «Сапаны сақтау» жобасын іске асыру және білім алушылардың 5-сыныпқа ауысуы кезінде оқытудың сабақтастығын қамтамасыз ету;
🔹 ББЖМ-2026 өткізуге дайындық барысы;
🔹 PIRLS-2026 халықаралық зерттеуіне қатысуды ұйымдастыру;
🔹 TIMSS-2027 халықаралық зерттеуін сынақтан өткізу.
Сөз сөйлеу барысында білім сапасын қамтамасыз ету, білім деңгейлері арасында сабақтастық құру, сондай-ақ білім беру ұйымдарының ұлттық және халықаралық зерттеулер жүргізуге дайындығы бойынша мектептердің жүйелі жұмысына ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, мамыр айына жоспарланған орталықтың негізгі іс-шаралары таныстырылды. Білім алушылардың білім сапасын арттыруға және функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған басым міндеттер мен алдағы жұмыс бағыттары айқындалды.


Пікір жоқ
10 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 27.04.2026 в 14:24

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер