Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo2.png?_=1770715399

8(7152) 50-07-15

⚜️ Ауыл мектебі – оқушылардың танымдық әлеуетін дамыту кеңістігі


⚜️ Ауыл мектебі – оқушылардың танымдық әлеуетін дамыту кеңістігі
2026 жылғы 28 сәуірде Аққайың ауданы «Полтав орта мектебі» КММ базасында «Ауыл мектебі жағдайында «Жас Ғалым» жобасын жүзеге асыру» тақырыбында облыстық семинар өтті. Іс-шараға 60-тан астам қатысушы жиналды.
Семинарға Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының орынбасары Т.Н. Протопопова, аудан және қала әкімдерінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарлары, білім бөлімдерінің басшылары, «Полтавское» ЖШС директоры, инвестор - Е.Е. Зикирин, «Жас Ғалым» жобасының үйлестірушісі Қызылжар Абай орта мектебінің басқарушы директоры - Берік Ұзақбайұлы, сондай-ақ Аққайың, Тайынша, Қызылжар аудандары мен Петропавл қаласының педагогтері қатысты.
Семинардың мақсаты – оқушылардың функционалдық сауаттылығын зерттеу қызметі арқылы қалыптастыруда педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Бағдарлама практикалық бағытта ұйымдастырылып, «Жас Ғалым» жобасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, ашық сабақтар мен шеберлік сыныптары өткізілді. Мектепке экскурсия барысында заманауи технологиялар (робототехника, 3D модельдеу, цифрлық құралдар және жасанды интеллект) және математикалық, оқырмандық сауаттылықты қалыптастырудың тиімді тәжірибелері таныстырылды.
Басшыларға арналған жеке сессияда жобаны өңірде дамыту перспективалары қарастырылды.
Семинар ауыл білімін дамытудағы тәжірибе алмасу, инновацияларды енгізу және кәсіби ынтымақтастықты нығайту алаңына айналды.


Пікір жоқ
16 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 28.04.2026 в 18:23

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер