ЗАҢ МЕН ТӘРТІП
ҚАУІПСІЗ ҚАЗАҚСТАН ҮШІН!
Қасым-Жомарт Тоқаев
2026 жылғы 6 мамыр күні Петропавл қаласындағы КММ «№28 жалпы білім беретін мектеп» базасында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы мен «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында 6–11 сынып оқушыларын, педагогтер мен құрметті қонақтарды біріктірген «Ар-намыс. Борыш. Жауапкершілік» атты патриоттық кездесу өтті.
Іс-шара Отан қорғаушылар күні қарсаңында ұйымдастырылып, жас ұрпақтың бойында елдің тарихи мұрасына құрмет сезімін қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілікті нығайтуға және патриоттық құндылықтарды дамытуға бағытталды.
Кездесу барысында оқушылардың саналы түрде өмір жолын таңдауына және кәсіби бағдарлануына ерекше көңіл бөлінді.
Іс-шара ашық әрі мазмұнды диалог форматында өтіп, аға буынның өмірлік тәжірибесі мен адамгершілік, азаматтық құндылықтарын жас ұрпаққа жеткізудің маңызды алаңына айналды.
Пікір жоқ
5 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 06.05.2026 в 13:05


