Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo2.png?_=1770715399

8(7152) 50-07-15

Жарқын жеңіс: Темірғали Нәзік Қайроллақызы – республикалық байқаудың жүлдегері! 🎉🏆


Жарқын жеңіс: Темірғали Нәзік Қайроллақызы – республикалық байқаудың жүлдегері! 🎉🏆

2026 жылғы 19 маусымда «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» республикалық байқауының қорытындысы шығарылды. Талшық орта мектебі жанындағы шағын орталықтың тәрбиешісі Темірғали Нәзік Қайроллақызы Солтүстік Қазақстан облысының намысын абыроймен қорғап, байқауда ІІ жүлделі орынға ие болды.
Бұл байқау – еліміздің түкпір-түкпірінен келген мектепке дейінгі тәрбие саласының үздік, шығармашыл әрі жоғары кәсіби мамандарын біріктірген ауқымды шара. Байқаудың барлық күрделі кезеңдерінен сәтті өтіп, жоғары нәтиже көрсеткен Нәзік Қайроллақызы өзінің кәсіби шеберлігін республикалық деңгейде дәлелдеп, Солтүстік Қазақстан облысының қоржынына жоғары марапат әкелді.
Әдістемелік орталық ұжымы атынан әріптесімізді осы зор жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Нәзік Қайроллақызына сарқылмас шабыт, шығармашылық табыс және өскелең ұрпақты тәрбиелеу жолындағы абыройлы еңбегіне толағай жетістіктер тілейміз.
Педагогіміздің жетістігін мақтан тұтамыз! Жаңа кәсіби белестерді бағындырып, алар асуларыңыз көп болсын!


Пікір жоқ
17 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 23.06.2026 в 15:59

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер