Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo2.png?_=1770715399

8(7152) 50-07-15

PISA-2025 нәтижелерінен – педагогикалық шешімдерге


PISA-2025 нәтижелерінен – педагогикалық шешімдерге

2026 жылғы 17 қыркүйекте Петропавл қаласындағы «№4 орта мектеп» КММ базасында «Өрлеу» СКО бойынша Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» КЕАҚ бастамасымен «PISA деректерін басқару және педагогикалық қызметте интерпретациялау тәсілдері» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Семинар басқарушылық және педагогикалық қауымдастық өкілдерін маңызды мәселе төңірегіне біріктірді: мониторингтік зерттеулердің деректерін мектептегі нақты шешімдер мен практикалық өзгерістерге қалай айналдыруға болады?

Семинар жұмысына «Әдістемелік орталық» КММ директорының орынбасары С. Мироненко қатысып, облыс және мектептер бөлінісінде PISA, PISA for Schools, МОДО халықаралық және республикалық салыстырмалы зерттеулерінің нәтижелерін талдау, білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтау және басқарушылық шешімдер қабылдау мәселелері бойынша ақпарат ұсынды.

Іс-шара аясында Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың мектепішілік жүйесін ұйымдастыру тәжірибесі таныстырылды.

Секциялардың практикалық жұмысында оқу, тілдік, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты дамытуға, сондай-ақ PISA деректері негізінде білім сапасын басқаруға бағытталған шеберлік сыныптары, педагогтердің өз әдістемелік тәсілдерін таныстыруы және демонстрациялық сабақтар ұйымдастырылды.


Пікір жоқ
3 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 17.09.2026 в 14:41

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер