Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo2.png?_=1770715399

8(7152) 50-07-15

⚜️«ҮЗДІК ЖЫЛЫЖАЙ» БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ


⚜️«ҮЗДІК ЖЫЛЫЖАЙ» БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Жылыжайда өнім өсіру - бұл жай ғана еңбек емес, шыдамдылық, жерге деген сүйіспеншілік пен инженерлік тапқырлық тоғысқан өнердің өзі, тәжірибе мен білім алаңы.
Облысымызда мектеп жылыжайларының жұмысын жетілдіру, озық педагогикалық тәжірибені тарату және жаратылыстану-ғылыми пәндерді практикамен ұштастыру мақсатында ұйымдастырылған «Үздік жылыжай» байқауы өз мәресіне жетті!
🏆Байқауға өңірімізден 7 мектеп қатысып, өздерінің еңбекқорлығы мен креативтілігін көрсете білді!
Қазылар алқасының жұмыс қорытындысы бойынша қатысушылар төмендегідей нәтижелер көрсетті:
1-орын
- Солтүстік Қазақстан облысы «Ақжар ауданының білім бөлімі» КММ «Ақжарқын орта мектебі» КММ жылыжайы;
2-орын
- Солтүстік Қазақстан облысы «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» КММ «Раисовка орта мектебі» КММ жылыжайы;
- Солтүстік Қазақстан облысы «Аққайың ауданының білім бөлімі» КММ «Тюменка негізгі мектебі» КММ жылыжайы;
- «Петропавл қаласының білім бөлімі» КММ «№ 29 жалпы білім беретін мектеп» КММ жылыжайы;
3-орын
- Солтүстік Қазақстан облысы «Жамбыл ауданының білім бөлімі» КММсінің «Буденное жалпы орта білім беретін мектебі» КММ жылыжайы;
- Солтүстік Қазақстан облысы «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» КММ «Рузаевка орта мектебі» КММ жылыжайы;
- Солтүстік Қазақстан облысы «Шал ақын ауданының білім бөлімі» КММ «Новопокровка орта мектебі» КММ жылыжайы.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге сарқылмас қуат, жаңа бастамалар мен кәсіби табыстар тілейміз!


Пікір жоқ
4 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 30.09.2026 в 16:59

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер