🇰🇿 Республика күніне орай – рухани мұраға құрмет!
⚜️ Республика күні қарсаңында «Әдістемелік орталық» КММ директоры Сәркен Роза Сәкенқызы Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейіне «Алтын қор» және «Жас маман – жаңа қадам» атты кітаптарды табыстады.
⚜️ Аталған кітаптарда білім беру саласындағы озық тәжірибелер мен педагогтердің кәсіби ізденістері көрініс тауып, өңірдің білім беру жүйесінің дамуына үлес қосқан еңбектер жинақталған.
⚜️ Кітаптарды музей қорына табыстау – білім беру саласының құнды мұрасын сақтау, дәріптеу және келер ұрпаққа жеткізу жолындағы маңызды қадам.
🇰🇿 Ұлттық құндылықтарды ұлықтау, рухани мұраны сақтау – ұрпақ алдындағы ортақ міндет!
Пікір жоқ
8 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 20.10.2026 в 10:47


