2026 жылғы 29 қазанда Петропавл қаласындағы №4 орта мектепте «Таза Қазақстан жолында» атты облыстық волонтерлік жасақтар мен «жасыл» клубтар слёті өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар экологиялық бастамаларын таныстырып, өзара тәжірибе алмасты. Сонымен қатар тақырыптық көрме, эко-дефиле және шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.
Слёт экологиялық мәдениетті дамытуға, волонтерлік бастамаларды қолдауға және табиғатқа деген жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған маңызды алаңға айналды.
Белсенді қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды!