Бүгін 120-дан астам жаратылыстану-математика бағытындағы педагогтар мен бастауыш сынып мұғалімдері «Қазіргі заманғы жаратылыстану-математикалық білім: жасанды интеллект, инновациялық технологиялар және адами капиталды дамыту» атты облыстық тамыз конференциясының секциялық отырысына қатысты.
Жалпы бөлім барысында еліміздің Жаңа Конституциясының құндылықтарын іске асыру, «Адал азамат» бағдарламасы, білім беруге жасанды интеллект енгізу және жаңа оқу жылындағы негізгі өзгерістер мәселелері қаралды.
Одан әрі жұмыс пәндік секциялар бойынша жалғасты. Бастауыш сынып мұғалімдері мемлекеттік білім беру стандартын, азаматтық құндылықтарды тәрбиелеудің заманауи тәсілдерін және бағалаудың жаңа моделін талқылады. Жаратылыстану-математика бағытындағы педагогтар жасанды интеллектті пайдалану бойынша шеберлік сыныптарына қатысып, жетілдірілген оқу бағдарламаларымен танысып, тиімді педагогикалық тәжірибелермен алмасты.
Секция отырысының қорытындысы бойынша ұсынымдар әзірленді.
Пікір жоқ
16 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 06.08.2026 в 15:34


