Панельдік секцияның жұмысына Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің, Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, KANO кәсіби қоғамдастығының өкілдері, сондай-ақ білім беру жүйесінің басшылары мен мамандары қатысты.
Талқылау барысында білім беру сапасын қамтамасыз ету, мемлекеттік бақылаудың тиімділігі, әдістемелік сүйемелдеу, академиялық адалдық, лицензиялау және білім беру бағдарламаларын жетілдірудің өзекті мәселелері қарастырылды.
Панельдік секция практикалық тәжірибе алмасу, тиімді тетіктерді талқылау және білім беру сапасын қамтамасыз ету жүйесін одан әрі дамытудың бағыттарын айқындау алаңына айналды.
Пікір жоқ
16 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 26.08.2026 в 10:54


