Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo2.png?_=1770715399

8(7152) 50-07-15

⚜️Әрбір кәсіби кездесу – білім беру жүйесі үшін жаңа мүмкіндіктерге бастар маңызды қадам.


⚜️Әрбір кәсіби кездесу – білім беру жүйесі үшін жаңа мүмкіндіктерге бастар маңызды қадам.
КММ «Әдістемелік орталық» директорының орынбасары А.Ж. Косумбаева және аудандық, қалалық әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері «Жаңа халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: білім беру мазмұнын іске асырудағы өзгерістер» тақырыбындағы республикалық тамыз конференциясының III секция жұмысына қатысты.
Пленарлық отырыс пен практикалық воркшоптар барысында қатысушылар 2026–2027 оқу жылындағы негізгі басымдықтарды талқылады. Атап айтқанда, білім беру мазмұнын жаңарту, жасанды интеллектіні оқу үдерісіне енгізу, бағалау жүйесін жетілдіру және «Адал азамат» тәрбие бағдарламасын білім беру үдерісіне ықпалдастыру мәселелері қарастырылды.
Секция жұмысына қатысу басқарушылық және әдістемелік тәжірибе алмасуға мүмкіндік берген маңызды алаңға айналды. Алынған тәжірибе өңір педагогтеріне көрсетілетін әдістемелік қолдаудың сапасын арттыруға өз септігін тигізері сөзсіз.


Пікір жоқ
13 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 26.08.2026 в 10:55

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер