Меню KDT

logo.png?_=1663092398

logo2.png?_=1770715399

8(7152) 50-07-15

АУЫЛ МЕКТЕБІ — МҮМКІНДІКТЕР КЕҢІСТІГІ: СЕРІКТЕСТІК, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ БІЛІМ САПАСЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ


АУЫЛ МЕКТЕБІ — МҮМКІНДІКТЕР КЕҢІСТІГІ: СЕРІКТЕСТІК, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ БІЛІМ САПАСЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ
2026 жылғы 26 қарашада «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы аясында «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ-нің «Бескөл орта мектебі № 2» КММ базасында Қазақстан Республикасының «Тұрақты даму қоры» қоғамдық қоры менеджерлерінің қатысуымен «Ауыл мектебіндегі білім сапасы: табысты тәжірибелер, серіктестік және тәжірибені тарату» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинар барысында мектептің білім беру жобаларының көрмесі ұйымдастырылды. Семинар аясында «Тұрақты даму қоры» қоғамдық қорының 13 тірек мектеп директорларына арналған стратегиялық сессиясы ерекше орын алды. Сессия барысында тірек мектептердің әлеуетін дамыту, сондай-ақ 2027 жылы жобаның ауқымын кеңейту кезеңінде өз аудандарындағы шағын жинақты мектептерді дамытудағы олардың әдістемелік рөлін арттыру мәселелері қарастырылды.

«Шекарасыз сабақ: онлайн өзара іс-қимыл, тәжірибе және цифрлық шешімдер» секциясы аясында Қызылжар ауданы мектептерінің онлайн сабақтары өткізілді. Бұл сабақтар тірек және шағын жинақты мектептер арасындағы өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін көрсетті.
Семинарға қатысушылар серіктестікті нығайту, ауыл мектептерінің ресурстық мүмкіндіктерін кеңейту, инновациялық тәсілдерді енгізу және табысты білім беру тәжірибелерін тарату перспективаларын талқылады.
Күш-жігерді біріктіру, тәжірибе алмасу және тиімді серіктестік – ауыл мектептеріндегі білім сапасын арттырудың маңызды шарттары!


Пікір жоқ
6 қаралды
Авторы: saparov.muhanbetali
Қосылды: 27.11.2026 в 10:07

SABAQ

Басшының блогі

Пайдалы сілтемелер