
«DIGITAL QYZYLJAR 2026» – Солтүстік Қазақстан облысының цифрландыру форумында «Әдістемелік орталық» директорының орынбасары Қожанов Нұрлыбек Жарқынұлы облыс әкімі Ғауез Торсанұлының Алғыс хатымен марапатталды.

Бұл марапат – кәсіби біліктіліктің, жауапкершіліктің және өңірдің білім беру саласын дамыту жолындағы жемісті еңбектің лайықты бағасы.

Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз! Еңбегіңіз еленіп, абыройыңыз асқақтай берсін! Алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз!